Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Бүркітбаев Архимед Мақсатұлы ХДП "Нұр Отан"

Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

Өмірбаян Қабылдау графигі

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

1968 жылы 6 мамырда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі бойынша - экономист, заңгер.

1985-1992жж. Шевченко қаласының автобус паркінде автослесарь болып жұмыс жасаған.

1993-2004жж. "Қаражанбасмұнай" және  "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамдарының жүйесінде экономист, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, еңбек және еңбекақы бөлімінің бастығы, қызметкерлермен жұмыс жасау тобының басшысы қызметтерін атқарған.

2004-2012жж. - "Мобил-Сервис" ЖШС-нің директоры, 2013 жылдан бастап осы ЖШС-і директорының орынбасары.

2012 жылы Ақтау қалалық маслихатының V шақырылым депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. Ақтау қалалық маслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің облысты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалімен марапатталды.


Қабылдау уақыты: әр айдың соңғы бейсенбі күні 

                                  сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Қабылдау өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 5 қабат, 

                                          қалалық мәслихат, депутаттар бөлмесі