Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Керелбаев Асқарбек Сайынұлы ХДП "Нұр Отан"

Қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

Өмірбаян Қабылдау графигі

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

1966 жылы 14 маусымда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық кентінде дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі бойынша құрылысшы инженер.

1988-1990жж. Шевченко қаласындағы "Комсомольскнефть" мұнай-газ өндіретін басқармада 3 дәрежелі тас қалаушы болып жұмыс жасаған.

1990-1994жж. - "Мангышлакнефтегазстрой" трестінің №4 құрылыс басқармасының №3 учаскенің шебері.

1994-1998жж. - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ы ӨМК-нің құрылыс жұмысын басқарушысы,  материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.

1998 жылдан бастап "Альянс LTD" ЖШС-нің директоры.

2012 жылы Ақтау қалалық маслихатының V шақырылым депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. Ақтау қалалық маслихатының коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

Экономикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы үздік еңбектері үшін Алтын Жұлдызымен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалімен марапатталды.

Қабылдау уақыты: әр айдың бірінші сәрсенбі күні 

                                  сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Қабылдау өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 5 қабат, 

                                          қалалық мәслихат, депутаттар бөлмесі