Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Найзабеков Тәжімұрат Толбайұлы ХДП "Нұр Отан"

Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

Өмірбаян Қабылдау графигі

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

1969 жылы 12 қарашада Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі бойынша – экономист, саясаттанушы, заңгер.

1990 жылы еңбек жолын Ақтау қаласындағы спорт мектебінде оқытушы болып бастады.

1997-2011 жж. - "NBC Group" ЖШС-і директорының орынбасары, 2011 жылдан бері осы ЖШС-нің директоры.

1997 жылдан бастап "Кёкушинкай каратэнің Бүкіл Қазақстандық ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті.

1999 жылдан бері - Кёкушинкай каратэнің Орта Азиялық Ассоциациясының президенті.

2003 жылдан бастап -  Кёкушинкай каратэнің Евразиялық Ассоциациясының президенті.

2006-2010 жж. - Кёкушинкай каратэнің Халықаралық одағының президенті (International Kyokushinkai Karate Union).

2012 жылы Ақтау қалалық маслихатының V шақырылым депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. Ақтау қалалық маслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

Кёкушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген бапкері және Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт дамуына қосқан еңбегі үшін Құрмет Белгісімен марапатталды.

Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалімен марапатталды.

Қабылдау уақыты: әр айдың үшінші сейсенбі күні 

                                  сағат 17.00-ден 18.30-ге дейін

Қабылдау өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 5 қабат, 

                                          қалалық мәслихат, депутаттар бөлмесі