Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Молдагулов Марат Николаевич ХДП "Нұр Отан

Өмірбаян Қабылдау графигі

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

1964 жылы 28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – химик.

1990-2000 жж. аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының химиялық ғылымдары институтының аға лаборанты, инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері лауазымдарында қызмет атқарған.

2000-2002 жж. - Павлодар химиялық зауытының бас инженері.

2002 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында "Лайонс Джамп" мұнай өндіруші компаниясының техникалық менеджері.

2002-2009 жж. - Ақтау шыны талшықтар зауытының бас технологы, орындаушы директоры, директоры қызметтерін атқарды (2007-2009 жж. аралығында Төртінші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған).

2009-2011 жж. - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. Экономика және қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына басшылық етті.

2012 жылдың ақпан айынан бастап Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің белсенді және жемісті еңбегі үшін Алғысымен, Маңғыстау облысының 35 жылдығына төс белгісімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалімен марапатталды.


Қабылдау уақыты: әр айдың сейсенбі күні 

                                  сағат 17.00-ден 18.30-ге дейін

Қабылдау өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 5 қабат, 

                                          қалалық мәслихат, депутаттар бөлмесі