Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Түркпенбаева Бибігүл Жапарқызы "Нұр Отан" партиясы

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, мүше

Өмірбаян Қабылдау графигі

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

Туркпенбаева Бибигул Жапаровна,  1965 жылы  2-қазанда Маңғыстау облысы,  Кызыл-Өзен ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келді.

1973-1983 жылдарда Ақшұқыр аулындағы қазіргі М.Абдыхалыков атындағы орта мектепте оқыды.

1983-1988 жылдарда Е.А.Букетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығының студенті болды.

1988 жылы аталған университетті үздік дипломмен аяқтады.

1988-1990 жылдары Қазакстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің жолдауымен Гурьев мемлекеттік университетінде математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

1990-1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық  Университетінде «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.

1993 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді.

1993-2010 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, профессор қызметін атқарды. 

1999 жылы Қазакстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық  комиссиясының шешімімен 05.12.00 «Информатика, есептеуіш техника және автоматизация» мамандығының «доцент», 2005 жылы «профессор» ғылыми атағы берілді.

2009 жылы «Научно-теоретические и практические основы преобразования солнечной энергии с целью экологизации производства тепла»тақырыбында докторлық диссертациясын өте жоғары дәрежеде қорғап шықты.

2010 бастан Қазақ мұнай, газ ғылыми зерттеу және жобалау институтының ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Ғылыми жұмыстардың библиографиясы 158 данадан тұрады, оның ішінде 2 монография, 3 инновациолық патент, 3 оқулық гриф МОН РК, 15 оку құралы, 28 оқу-әдістемелік, 16 электрондық оқулықтан тұрады. 2006 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы КГУТиИ студенттердің білім дәрежесін анықтайтын тесттік бағдарлама «Credist» қолданылып келеді және  «Бурение песчаной пробки при добыче нефти», «Спускоподъемные операции нефтяных труб», «Соляно-кислотная обработка скважин», «Гидропескоструйная перфорация продуктивных интервалов», «Освоение скважины методом свабирования» атты виртуалды зертханалар оқу процесіне енгізілді.

2006 жылы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және педагогикалық еңбектері жоғары бағаланып, Қазакстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын жеңіп алды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін  «Қазақстан Республикасының бiлiмiнiң Құрметтi қызметкерi»  атағы берілді.

2007 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгімен марапатталды.

2009 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

  4, 5 және 6-шақырылымдардың Ақтау қалалық маслихат депутаты.


Әр айдың бірінші және екінші бейсенбі күні

17.00-18.30