Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы

Өмірбаян

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

         Гусейнов Шамсадин Аллахверди оғлы 1966 жылғы 18 қаңтарда Әзірбайжан Республикасы Ордубад ауданы Бехруд ауылында туылған.

  1983 жылы Джафар Джаббарлы атындағы орта мектепті бітірген соң Германияда Кеңес әскері қатарында қызмет етті.

  1987 жылы «тауартанушы» мамандығы бойынша орта кәсіби училищені бітірген.

  1987-1991 жылдар аралығында аудан орталығында аралас тауарлар дүкенінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

  1991 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласына көшіп, сауда қызметімен айналысты.

  1998 жылынан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

  2008 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

  2005 жылынан бастап бетон негізіндегі құрылыс бұйымдарын өндіру жөніндегі «Бехруд» ЖШС кәсіпорнының құрылтайшысы мен директоры болды.

  2013 жылы «Құрылыс саласындағы ең үздік кәсіпкер» номинациясында сайыс жеңімпазы ретінде Маңыстау облысы әкімдігінің дипломымен марапатталған, облыс әкімдігінің алғыс хаттары бар.

  Қазақстанның шаруашылық қызметі субъекттерінің толық тізімінің саралануы нәтижесінде кәсіпорын «Сала көшбасшысы-2013» құрметті атағына лайықтанып, оған ұлттық сертификат берілді.

  2012 жылы Қазақстан полициясының 20 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының ІІМ орденімен, сонымен бірге кәсіпорындарды рейтингтеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингінің ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталдым.

  Өз кәсіпкерлік қызмет еткен уақыты кезінде қала дамуында қайырымдылық көмек көрсетті. Осылайша, мысалы, 2006 жылы қаланың көгалдандырылуы үшін көк қылқанды көшеттердің жеткізілуін іске асырды, 2008 жылы Ақтау қаласының 4-шағын ауданындағы № 27 үйдің қасында  балалар алаңын салып, сонымен қатар басқа да бірқатар қайырымдылық жұмыстарын іске асырған.

  «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

  Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.