Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Енсегенов Серик Нургазиевич

Өмірбаян

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

         Еңсегенов Серік Нұрғазыұлы1958 жылы 20 маусымда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында дүниеге келген.

  1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын («инженер-механик»), 2003 жылы КИМЭП-ті бітірген.

  Еңбек жолын «Мангышлаксельстрой-12» трестіне бағынысты Шетпедегі ПМК-1203 мекемесінде бас механик болып бастаған.  1981-1986 жылдары комсомол, ал 1987-1991 жылдары партия қызметінде болған.  

1992-1994 жылдары «Мангышлакнефть» ӨБ Автомобиль жолдары басқармасында учаске бастығы, кейінірек (1995-1996)  аталған кәсіпорында (қазіргі «Маңғыстау мұнай жолдары» ЖШС-і) бас техникалық жетекші болып жұмыс жасаған. Онан соң Маңғыстау облыстық әкімшілігіне шақырылып, онда салаарлық қатынастар бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

1996-1997 жылдары «Акцепт» ЖТАҚ Ақтау филиалының директоры болған.  

1997-1999 жылдары Жекешелендіру жөніндегі Маңғыстау аймақтық басқармасы бөлім бастығының орынбасары, Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы болып қызмет істеген.

  2000-2005 жылдары үш облыстық құрылымның бірінші басшысы, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және шағын бизнес басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған.  2006 жылы «Қазақстан-Ақтау» телеканалы директорының кеңесшісі қызметін атқарған.

2006 мен 2011 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, АҚ және ТЖ басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2015 жылдары Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынығ бөлім басшысы лауазымдарында болған.

    2015 жылдың тамыз айынан – «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

  «Қазақстанның мәдениет қайраткері» құрметті атағына ие.  «За трудовое отличие» (1986), «ҚР Конституциясына – 10 жыл», «ҚР Конституциясына – 15 жыл» медальдарымен марапатталған.