Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Есетов Куаныш Калпенович

Өмірбаян

Сауал қою:

Қызметке тіркелген қолданушылар үшін қол жетімді


Сауалдар мұрағаты

                 Есетов Қуаныш Қалпенұлы  1976 жылы 31 қазанда Маңғыстау облысы  Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

  «Отын-энергетикалық кешен салаларындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін және Астана қаласының «Құқықтану бакалавры»  мамандығы бойынша Қазақстан гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

  1999-2002 жылдар аралығында  «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-нда маркентинг бөлімінің  менеджері болып жұмыс жасады.

  2002-2003 жылдар аралығында «Қаражанбас» АҚ-ның  бөлімше бастығының көмекшісі.

  2003-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су жолы көлігі департаментінің теңізде жүру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

  2004-2007 жылдардан бастап «Казмортрансфлот» ҰТКЖК» ЖШС-де коммерциялық департаментінің менеджері, 2007-2009 жылдары коммерциялық департаментінің жоба менеджері, 2009 жылы – Теңіз операцияларды қолдау флотының қызмет басшысы, 2009-2014 жылдар аралығында коммерциялық департаментінің бас менеджері, 2014 жылғы желтоқсан айынан бастап  осы күнге дейін бас директордың кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

  2006 жылы КМТФ басшылығының атынан кәсіби және мінсіз жұмыс және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Құрмет грамотасына ие болды.

  2008 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

  2009 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрілігінің Көлік комитеті төрағасының өндірістік қызметтегі қол жеткізген табыстар үшін Құрмет грамотасына ие болды.

  2012 жылы облыстың әлеуметтік-саяси өміріне қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталған.

  2013 жылы Ақтау қаласының әлеуметтік-саяси өміріне қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл» медалімен марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің Құрмет грамотасына ие болды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.