Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

  Ақтау қалалық мәслихатының  

  2016 жылғы 11 наурыздағы

  № 38/372 шешімімен бекітілді

Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.  Осы Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі –ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

2.  Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

3.  Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.

4.  Ақтау қаласының  Қоғамдық кеңесінің құрамы 20 адамнан тұрады.

5.  Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің  саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

6.  Қоғамдық  кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы  (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

7.  Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік  ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын облыстық мәслихаттың хатшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде қалалық мәслихаттың хатшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.

8.  Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

9.  Жұмыс тобының сандық құрамын қалалық мәслихат хатшысы айқындайды.

10.  Қалалық мәслихат жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

11.  Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  қалалық мәслихатқа жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

12.  Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның  10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

13.  Қалалық мәслихат конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.

14.  Қалалық мәслихаттың хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

15.  Отырыста осы ереженің  14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша  жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.

16.  Жұмыс тобының құрамы қалалық мәслихат хатшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

17.  Жұмыс тобының құрамы қалалық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

18.  Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1)  тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2)  Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3)  Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4)  Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

19.  Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

20.  Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан  кезде заңды болып табылады.

21.  Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

22.  Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

23.  Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.

24.  Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді  жариялайды.

6. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібі

25.  Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

26.  Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске  бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

27.   20 адамнан тұратын Қоғамдық кеңестің құрамы қалалық  мәслихат шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

28.  Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.

29.  Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

30.  Қоғамдық кеңестің құрамына белгіленген тәртіпке сай оның мүшелерінің ұсынысымен толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

31.  Кеңестің тиімділігін арттыру мақсатында оның құрамы үш жылда бір жаңарып отырады.

32.  Кеңесті төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда немесе оның нұсқауымен Кеңес төрағасының міндетін Кеңес комиссияларының төрағаларының бірі атқарады.

7. Отырысты өткізу тәртібі мен шарттары, шешім қабылдау тәртібі

33.  Кеңес қызметінің негізгі нысаны отырыс болып табылады.

34.  Кеңестің отырысы кемінде жылына 2 рет өткізіледі.

35.  Қажеттілігіне қарай кезектен тыс отырыс өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырыстың бастамашысы мәселелердің тізбесі мен шешімдерінің жобаларын Кеңес президиумының қарауына енгізеді.

36.  Кеңес мүшелері уақытымен оның өткізілетін орны, сондай-ақ отырыстың қарауына енгізілетін мәселелер туралы отырысқа кемінде он күн қалғанда құлақтандырылады.

37.  Кеңестің күн тәртібіне енген мәселелер бойынша шешімдердің жобалары мен өзге де материалдары тиісті Кеңес комиссиялары мүшелеріне отырысқа он күн қалғанда жіберіледі.

38.  Кеңестің шешімі отырыста қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы арқылы қабылданады және ол ұсыным болып табылады.

39.  Кеңес шешіміне төраға қол қояды.

40.  Кеңес мүшелерінің жалпы санының кеміндежартысы қатысса, Кеңестің отырысы заңды деп танылады.