Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Тұрақты комиссиялары


ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ УАҚЫТША КОМИССИЯЛАРЫ

29. Қалалық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар кұрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда, қалалық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан кұрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.

30. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан кұрамын қалалық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін қалалық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың мүшелерін өз депутаттары арасынан қалалық мәслихат депутаттарының жалпы санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қалалық мәслихат сайлайды. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия  төрағаларының кандидатураларын мәслихат хатшысы ұсынады.

Депутатты тұрақты комиссияның құрамына енгізу үшін оның келісімі қажет.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына оның хатшысы сайлана алмайды.

Тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылмайтын депутаттар, оның жұмысына кеңесші дауыспен қатысуға күқылы.

31. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.

Тұрақты комиссияға ұсынылған мәселелер бойынша қазақ және орыс тіліндегі материалдардың барлығын бастамашысыотырыстың ашылуына 15 күнге дейін қарау үшін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияның төрағасына береді.

Қалалық мәслихат тұрақты комиссиясының отырысы ашық сипатта өткізіледі. Комиссияның шешімімен отырыс жабық болуы мүмкін.

Қалалық мәслихаттың Тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы және қорытындысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше Тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.

32 . Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары:

қалалық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ қалалық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша қалалық мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, қалалық мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;

өздерінің құзырына жататын әрі қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша қалалық мәслихат сессияларында баяндамалар ұсынуға;

өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы қалалық мәслихатқа ұсыныс енгізуге;

комиссияның жұмысына қалалық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзібасқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.

  33. Әкімшілік, орталық атқарушы органдардың аумақтың бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардын құзыретіндегі мәселелербойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.

  34. Тұрақты қомиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімібойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады.

Көпшіліктік тындаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзібасқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.

Шақырылатындардың саны мен оның жеке құрамы туралы мәселені тұрақты комиссия белгілейді.

Тұрақты комиссияларды көпшіліктік тындауларды өткізудің уақыты мен орны туралы, сондай-ақ, олардың қарауына енгізілген мәселелер туралы тұрақты комиссияның төрағасы оны өткізуге дейін бір аптадан кешіктірмей шақырылғандар мен халыққа хабарлайды. Көпшілік тыңдауларға енгізілген мәселелер бойынша, тұрақты комиссияның төрағасы оны,өткізуге дейін бес күннен кешіктірмей қажетті материалдарын тұрақты комиссия мүшелеріне, қалалық мәслихаттың хатшысы мен қала әкіміне табыс етеді.

Тұрақты қомиссия төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдарының басшылары, қала аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары немесе лауазымды адамдары көпшілік тыңдауға келуге міндетті.

Көпшілік тыңдаудағы баяндамашыға- 30 минутқа дейін, сөз сөйлеушіге- 10 минутқа дейін уақыт беріледі.

Көпшілік тыңдау барысындағы шешімді тұрақты комиссия мүшелері жалпы санының ашық, көпшілік даусымен қабылдайды.

35. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауғаәзірлеу мақсатында қалалық мәслихат не қалалық мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.

Уақытша комиссияның төрағасы депутаттар ішінен сайланады. Уақытша комиссияның құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары болып табылмайтын адамдар сайлана алады. Уақытша комиссиялар ашық дауыс беру арқылы сайланған депутаттардың жалпы санының жай көпшілік даусымен сайланады.

Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиясының қала аумағында орналасқан мемлекеттік және қоғамдық органдарда, кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан кажетті материалдарды талап етуіне және алуына, сарапшыларды шақыруына, кез-келген адамнан жауап алуына құқығы бар, өзіне қалалық мәслихаттың сессиясы берген өзге де өкілеттіктері болады. Уақытша комиссия қалалық мәслихаттың сессиясына есеп береді және оның алдында жауапты.

Қызмет нәтижелері бойынша комиссия өзінің құрылуына себеп болған мәселенің мәні жөніндегі баяндамасын сессияға табыс етеді. Баяндама бойынша қалалық мәслихаттың сессиясы шешім қабылдай алады.

Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.

36. Комиссия пікірінен өзгеше пікірі бар тұрақты немесе уақытша комиссиялардың мүшесі айрықша пікірін қалалық мәслихатқа табыс етуге құқылы. Айрықша пікір жазбаша түрде табыс етіледі.