Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Депутаттың құзыреті

1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.

2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.

3. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық субъектісін басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

4. Депутат:

1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;

2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;

3) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;

4) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;

5) тиiстi әкiмдік отырыстарының жұмысына қатысуға;

6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;

7) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.

5. Депутат:

1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;

2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;

3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.