Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының тоғызыншы сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

27.07.2017

Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы 2017 жылы 2 тамыз күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, № 72 үй, 5 қабат).

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

1.  Қала әкімінің өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы.

2.  Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/67 «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Ақтау қаласында мәдениет саласының жай-күйі мен оны дамыту туралы.

  4. Қаладағы тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығы туралы .

5. Қалалық мәслихаттың оныншы сессиясының төрағасы туралы.

Қалалық мәслихат
хатшысы    М.Молдағұлов