Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

2017 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 16.00-де Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің он бесінші отырысы өткізіледі

04.12.2017

2017 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 16.00-де қаланың қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында (4 ш/а, №72 үй, 5 қабат) Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің он бесінші отырысы өтеді.

Отырыстың қарауына келесі сұрақтар ұсынылады:

1.Автотұрақтар (паркингтер)  санаттарын  белгілеу  және автотұрақтар (паркингтер)  үшін  бөлінген  жерлерге  базалық  салық ставкаларын  ұлғайту туралы.

2. Қаланың автокөліктерге газ құю  стансаларындағы  қауіпсіздік  мәселесіне қатысты жоспарлы түрде тексеру  жүргізу туралы.

3. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы  5 ақпандағы №37/353 «Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2017 жылдың қорытындылары мен 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

5. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы  5 ақпандағы №37/352 «2016-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының  дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  6. 2018-2020 жылдарға  арналған  қалалық  бюджеттің жобасы туралы.

   7. 2018-2020 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы.