Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

2017 жылы 15 мамыр күні қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өткізілді.

16.05.2017

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2017 жылы 15 мамыр күні қалалық мәслихаттың 8 сессия мәселелерін талқылау бойынша тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы, сондай-ақ Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 10 отырысы өткізілді.

Аталған отырысқа қалалық мәслихаттың сайланған 17 депутаттың 13 қатысып, 4 депутат дәлелді себептермен қатысқан жоқ. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 20 мүшесінен 18 қатысып, 2 мүше дәлелді себептермен қатысқан жоқ.

Күн тәртібі бойынша төмендегі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

1. 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі туралы.

2. Үштілдік білім жүйесіне өту бойынша қалалық білім бөлімінің қабылданған шаралар туралы.

3. Сәулет және қала құрылысы басқармасының қала құрылысының бас жоспарын іске асыруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

4. 2014-2019 жылдарға арналған Ақтау қаласында тозығы жеткен үйлерді жою қалалық мәслихатты бағдарламасының іске асырылуы туралы.

5. Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы.

6. Көлік инфрақұрылымын дамыту  және қала мен Өмірзақ  ауылы  халқына  көліктік  қызметтер  көрсетуді  жақсарту  жөніндегі  шаралар  туралы.

7. Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы 2 наурыздағы №18 «Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы .

8. Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Қалалық мәслихаттың тоғызыншы сессиясының төрағасы туралы.

Пресс-релиз