Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Қоғамдық кеңес

04.01.2016

КОММЕРЦИЯЛЫҚ  ЕМЕС  ҰЙЫМДАР  МЕН АЗАММАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесінің 3 тармағына сәйкес Ақтау қалалық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  мүшелігіне конкурс жарияланады.

Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен 18 жасқа толған және Ақтау қаласы аумағында тұратын азаматтар осы хабарлама жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  мүшелігіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымының жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.

Кандидаттар туралы ұсыныстар қалалық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылу керек: Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, қоғамдық ұйымдар ғимараты, 505-бөлме.

Байланыс телефоны: 336728.

Эл.почта: aktau_gormaslihat@mangystau.gov.kz