Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Ақтау қалалық мәслихатының сессиясын шақыру туралы

02.05.2017

Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының
сегізінші сессиясының
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының  сегізінші сессиясы 2017 жылы 16 мамыр күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, № 72 үй, 5 қабат).

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

1.  2016 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

2. Сәулет және қала құрылысы басқармасының қала құрылысының бас жоспарын іске асыруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

3. Қалалық мәслихаттың  кейбір шешімдеріне  өзгерістер  енгізу  туралы.

  4. Қалалық мәслихаттың тоғызыншы сессиясының төрағасы туралы.

Қалалық мәслихат хатшысы    
М.Молдағұлов