Қазақ тілі | Русский язык | |

Ақтау қалалық мәслихатының
ресми сайты

— Ақтау қаласын және оның біз салып жатырған бүкіл инфрақұрылымын болашақтағы инвестицияларға тартымды еркін экономикалық аймаққа айналдыруды қалаймыз
Президент Республики Казахстан
Н. А. Назарбаев

Ақтау қаласы Қоғамдық кеңесінің оныншы отырысының мәселелерi

02.05.2017

Ақтау қаласы Қоғамдық кеңесінің оныншы отырысының
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ақтау қаласы Қоғамдық кеңесінің оныншы отырысы 2017 жылы 15 мамыр күні сағат 16:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, № 72 үй, 5 қабат).

Отырыстың  қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

1. 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі туралы.

2. Үштілдік білім жүйесіне өту бойынша қалалық білім бөлімінің қабылданған шаралар туралы.

3. Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

4. 2014-2019 жылдарға арналған Ақтау қаласында тозығы жеткен үйлерді жою қалалық мәслихатты бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

5. Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы 2 наурыздағы №18 «Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Төраға   
М.Молдағұлов